Қазақстанда болып өткен наразылықтар басылды – Ұзақ уақытқа ма?
Қазақстанда болып өткен наразылықтар басылды – Ұзақ уақытқа ма?
Behind the Unrest in Kazakhstan
Behind the Unrest in Kazakhstan
Nursultan Nazarbayev, President of Kazakhstan, during the United Nations General Assembly on 28 September 2015. REUTERS/Andrew Kelly
Nursultan Nazarbayev, President of Kazakhstan, during the United Nations General Assembly on 28 September 2015. REUTERS/Andrew Kelly
Commentary / Europe & Central Asia 1 minute

Қазақстанда болып өткен наразылықтар басылды – Ұзақ уақытқа ма?

Осы аптада Қазақстанда орын алған бұрын-соңды болмаған наразылық толқынының алдын алу кезінде, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз халқының мәселелерін шешетін мемлекет басшысы ретінде өз беделін растады. Алайда, Орталық Азия мемлекетінде туындаған мәселелердің бірде-біреуі ешқайда да кеткен жоқ.

2016 жылдың 1 шілдесінде күшіне енуі мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетел азаматтарына жалға беру құқықтарын кеңейтуге байланысты наразылықтардың туындауы президент Назарбаевтың Украинада болып жатқан оқиға «сценариінің» тақырыбын қайта көтеруге мәжбүр етті. Сол күні Қызылорда қаласының оңтүстік-орталық бөлігіндегі  митингке шыққан адамдар ЕММЖ-на қарсы шықты. Митинг барысында, оның көшбасшысы Украина экономикасының «бірліктің болмауы, мақсатқа жету сезімінің болмауы, бірде-бір шешімнің қабылданбауы, [адамдардың] басқа әрекеттермен: күреспен, адам өлтірумен, төбелеспен айналысып жатқанының» себебінен толықтай күйрегені жөнінде айтты.

Алайда, Назарбаев жер заңнамасына жер учаскелерін сату жөнінде мораторийді тез арада енгізді, осылайша – ең көп дегенде қазіргі күнге айтқанда – жер учаскелерін сату мүмкіндігі екіталай болатындай етіп, шешуші қадам жасады. Бұл ішкі тұрақсыздық пен дағдарыс, жойылған аумақ және қарулы жанжал сияқты Украина тәжірибесінің Қазақстанда қайталанбауы үшін жасалады.

Алайда бұндай мораторий митингке шыққан адамдардың көптеген мәселелерінің бір бөлігін ғана шешеді. Наразылық кезінде, халық Президенттің алдағы уақытта мәселелерді шешуге асықпаушылығы жөніндегі ұстанымына терең алаңдаушылық білдірілді. Мұнай бағасының төмендеуі, ауылдардың құлдырауы, 75 жастағы елбасының қандай да бір нақты сабақтастық жоспарының болмауы, билікке сенімсіздік және қытайлықтардың  басып кіру қаупі сияқты мәселелер, халық саны Батыс Еуропаның ауданына тең мемлекеттің мәселелерін өшіктіре түсті.

Үкіметтің жерді жалға беру туралы жоспарына қарсы наразылықтар мемлекеттің қалалары бойынша тез тарады. Ол мемлекеттің батыс бөлігінде орналасқан және табиғи ресурстарға бай Атырау қаласында 24 сәуірде басталды, бұндағы байлықтар қоғам арасында кеңінен таралмаған, сол себептен көптеген жұмысшылардың  қаржылық тұрақтылығы және жұмыспен қамтылуы  әлемдегі мұнай бағасының төмендеуіне байланысты тұрақсыз болып отыр. 27 сәуірде наразылықтар Ақтөбе облысының солтүстік-батыс бөлігінде және Семей облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өтті. 28 сәуірде халық тобы батыста орналасқан Ақтау қаласының Каспий теңізінің портындағы ЕММЖ-на қарсы шықты. 1 мамырда аздаған жастар тобы мемлекет астанасының іскерлік оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Алматы қаласында полицияға қарсы шықты.

Халықтың наразылық білдіруі кезінде, 2011 жылдың желтоқсан айында Жаңаөзеннің оңтүстік-батыс бөлігінде шамамен он алты ереуілге шыққан мұнайшылар полиция қолынан құрбан болуы себебінен, бұл жолы полиция адамның жарақаттануына немесе адам өліміне әкелуі мүмкін іс-әрекеттен аулақ болды.

Алайда, бұндай жағдай сөзсіз қауырт болды. “Бұрын-соңды болмаған” деген сөз болған наразылықты талқылау кезінде, сарапшылар мен дипломаттар арасында жиі пайдаланылатын болды. Наразылықтың басталу сәтіне тіпті белсенділер де дайын болмаған секілді. Назарбаевтың жерді жалға беруге мораторийді енгізуі жөніндегі хабарландыруы барлығын таң қалдырды.

Көптеген қазақтарды үкіметтің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді  шетел азаматтарына жалға беруге мүмкіндік беретін жоспарының бұрынғы 25 жылдың орнына он жылға қысқартылғандығы әлі де мазалайды. Олар жер қытай фирмаларына жалға берілгеннен кейін, Қазақстанның егемендігіне қауіп төнетіндігінен күдіктенеді. Бәрінен бұрын, наразылықтар халықтың қазақ көшбасшыларына тіптен көңілінің толмаушылығына, және олардың мемлекет ресурстарына қатысты шешімдерді қабылдауы кезінде халықта  болжамның болмауына  байланысты өтті, мемлекеттің саяси элитасы қазірдің өзінде аяқ астындағы жерді сатып жіберуге дайын.

Назарбаевтың елді 25 жыл бойына басқаруы самодержавиенің тұрақтылығы типі бойынша орындалады, алайда, оның отбасының жиған байлығы байқаусыз қалған жоқ. Нұрлы жол (Светлый путь) бағдарламасын және экономикалық дағдарыстан шығу жоспарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында, 2016 жылдың наурызындағы мерзімінен бұрын парламенттік сайлау елеусіз өтті, алайда оның әділеттілігі күмән туғызады. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алған кезден бастап, авторитарлық үрдістер, сыбайлас жемқорлық және шынайы саяси реформалардың өткізілмеуі және негізінен ресурс көздерінің арқасында экономиканың өсуі қатар жүріп отырды. Осылайша, соңғы экономикалық дағдарыс Қазақстан экономикасына қатты соққы болды. Мұнай өндірісі төмендеді, ұлттық валюта курсы күрт төмендеді, инфляция деңгейі, сонымен қатар жұмыссыздық деңгейі күннен күнге өсуде.

Сондай-ақ, Қазақстандағы Қытайдың рөліне көп көңіл бөлінеді. Қытай елінің Қазақстан экономикасына жаппай инвестициялары және үлкен мөлшердегі несиелері оның экономикасын дамытуда, ал кейде тіпті экономикасын қолдауда үлкен үлесін қосты. Бүкіл Орталық Азия бойынша Қытайдың  ұзақ мерзімді мақсаттарын жүзеге асыруы бойынша алаңдаушылық кеңінен таралған. Саясаткерлер және ірі кәсіпкерлер Қытай елімен миллиардтаған мәмілелер жасасуға қуанышты болса да, елдің көптеген азаматтары Қытайды өз егемендігіне қауіп төндіретін мемлекет ретінде қарастырады.

Ақтөбе жұмысшылары Қытайдың мұнайға бай аймақта өзінің өнеркәсіптік қызметін жүзеге асыруы, соның ішінде көптеген қытай жұмысшыларының қаптап кетуі,  қазақстандық жұмысшылар үшін әділетсіз жалақы төлеу жүйесін, қауіпті еңбек жағдайлары, сондай-ақ жұмыс орындары санының азаюын білдіретіндігін Crisis Group компаниясына хабарлады. Алайда, күмән екі жақта да туындайтыны анықталды. Қытайлық мұнай компаниясының басшысы оған және оның отбасына күнделікті көрсетілетін кемсітушілік себебінен Алматыға қарағанда, Африкада жұмыс жасауды дұрыс көретіндігін айтты. Қытай елі бұндай келеңсіз факторға қарсы тұруға тырыспады, оның орнына ол қоғам деңгейінде кездесетін қиыншылықтарға араласпау саясатын ұстана отырып, жоғарғы деңгейлі мәмілелерді жасасуды дұрыс көрді.

Халықаралық аренада Қазақстан өзін сенімді саяси және экономикалық әріптес ретінде ұсынады, бұндағы мақсаты 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі орынға ие болуға ұмтылуы. Қазақстан шын мәнінде Орталық Азиядағы ең тұрақты мемлекет болып табылады, алайда халық арасындағы алаңдаушылық күннен күнге өсуде. Астана қаласында орналасқан үкімет шешімдері мен Қазақстанның кең-байтақ ауданында өмір сүретін халықтың пікірі арасында ешқандай байланыс жоқ, бұл астанадағы үйлердің мәрмәрдән және шыныдан жасалған қасбеттері мен өңірлердегі құлдыраған инфрақұрылымды салыстыру кезінде қатты сезіледі.

Қазақстанның әлеуметтік наразылықты төмендету бойынша тәжірибесі үлкен емес. 2011 жылғы Жаңаөзенде орын алған адам өлімі көпшілікті  алаңдатты және барлық күш полицияның жұмысын жетілдіруге жұмсалды. Қазіргі уақытта, ЕММЖ наразылық кезінде шыдамдылығы мен кәсіпқойлығын көрсетті, ал кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған адамдардың жарақат алуы жөніндегі хабарламалары араңдатушылық қана болды. Полицейлердің біліксіздігі немесе қасақана қатыгездігі реформаларды жүргізу үшін басымды фактордың бірі болып табылуы өте маңызды.

Сонымен қатар, үкіметтің әлеуметтік желілермен күрестен аулақ болғаны жөн, себебі оның Қазақстандағы көптеген мемлекеттік және жекеменшік БАҚ-нан айырмашылығы онда талқылаулар және пікірталастар жүргізуге мүмкіндік беретін форумдардың бары болып табылады. Наразылықтар туралы жаңалықтар көп көрсетілген жоқ, ал оның газеттің бас тақырыбына айналуы митингке шыққан адамдарды әдейі жалған тұлғалар ретінде көрсету мақсатында жасалды. 9 мамыр күні Алматы қаласында жоспарланған наразылықты білдіру кезінде, митингті ұйымдастырушылардың бірнешесі полициямен ұсталды, ал басты алаң жабылды.

Барлық өткізілген наразылықтардың мақсаты бір болды, оларға әлеуметтік қысымға ұшыраған халық топтары шықты. Олар өз талабын толық қалыптастырмаған түрде, алайда зор дауысты үкіметке қарсы хабарландырумен өз наразылықтарын білдірді. Ендігі айларда биліктің өзін-өзі ұстауы ол үшін үлкен сынақ болып табылады. Кем дегенде, соңғы болып өткен тәртіпсіздіктер Назарбаевты алдымен өзінің экономикалық даму саясатын қайта қарауды, ал содан кейін саяси реформаларды өткізуге сендіруі тиіс.

Қазақстандықтар парасаттылық көрсеткен жағдайда, посткеңестік Украинадағы өз әріптестерінің тағдырын қайталамайды және тәртіпсіздіктер әлегіне түспейді. Алайда, Қазақстан тұрақсыз ел, ал оның саяси басшылығы посткеңестік дәуірдің өнімі болып табылады, ал оның полицейлік тактикасы тұрақты тексеріс жағдайында ғана жұмыс істей алады. Бұдан басқа, Қытай елінің бұрынғысынша қазақстандық ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге инвестициялар жасау бойынша зор стратегиялық мақсаттары бар. Наразылықтың өршуі күтпеген және алаңдататын жағдай болып табылды, және сол себептен Қазақстан тәуелсіздігінің жаңа тарауына енеді.

Subscribe to Crisis Group’s Email Updates

Receive the best source of conflict analysis right in your inbox.